jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматының барахолкасындағы жолға "Сергек" камералары орнатылады

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының әкімі Ерболат Досаев барахолкадағы жолға наурыздың соңына дейін "Сергек" бейнебақылау камералары орнатылатынын мәлімдеді. Бұл жөнінде ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осындай тапсырма берді. Тұрғындар Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері елемейді.

"Биыл Алатау ауданында барлығы 37 "Сергек" камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыз айының соңына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын", - деді Ерболат Досаев.

2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.