jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Кірген әр адам есепке алынады": Алматы облысының әкімі Қонаевтағы казиноларға қатысты пікір білдірді

Казино
Казино. Көрнек сурет: Getty images

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы ойынханаларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Massaget.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, казино туристер үшін жасалған. 

"Ол біздің қаланың туристер үшін тағы бір тартымдылығы. Жастар мен казиноны байланыстыру туралы айтсақ, казиноға бармай-ақ онлайн лудоман болып та кетуі мүмкін. Жастардың тәрбиесі мен азаматтық көзқарасына байланысты. 

Казиноға қалталы азаматтардың кіруіне ғана рұқсат бар. Жай студент немесе қарапайым азаматтар ол жерге кіре алмайды. Егер адам лудоман болса ол казиноға кіргізілмейді. Себебі казиноға кіретін әр адам есепке алынады. Былтыр есіңізде болса мемлекеттік қызметте істейтін адамдар казиноға барған деген ақпарат тарады. Себебі бәрі есептеліп тұрады. Мемлекеттік қызметкерлерге кіруге тыйым салынған", дейді әкім. 

"Кірген әр адам есепке алынады": Алматы облысының әкімі Қонаевтағы казиноларға қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.