jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Министрлік БЖЗҚ, "Эйр Астана" және "Қазақтелеком" компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр

Компьютер
Компьютер. Көрнекі фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері ел тұрғындарының деректерінің таралып кетуіне қатысты мәлімдеме жасап, бірқатар компанияның ақпараттық қауіпсіздігі тексеріліп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Цифрлық даму министрлігі 2024 жылдың 16 ақпанында GitHub ресурсында жарияланған қазақстандықтардың жеке деректері бар ақпараттың таралуына қатысты мәлімдеме жасады.

Бүгінгі таңда министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитеті және "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-мен бірлесіп ұялы байланыс операторларының ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты талдауды аяқтағанын хабарлады.

"Ешқандай компрометация фактілері анықталған жоқ, компаниялар отандық жедел ақпараттық қауіпсіздік орталықтарымен қорғалған және олар "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығымен тығыз жұмыс істейді.

Сонымен қатар министрлік БЖЗҚ, "Эйр Астана", "Қазақтелеком" АҚ-ға қатысты дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізуде", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері тексеру нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетінін мәлім етті.

Министрлік БЖЗҚ, "Эйр Астана" және "Қазақтелеком" компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.