Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жел, тұман, көктайғақ: елдің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қыс мезгілі
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 17 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктер болжамынша, 17 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Астана қаласында 17 наурызда түнде және таңертен тұман күтіледі.

17-18 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты Жамбыл облысында (Сарысу, Талас және Жуалы аудандары) қарқынды қар еруі, еріген қар, беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

19 наурызда күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 17-19 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 17-19 наурызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 17 наурызда екпіні 25 м/с күтіледі.

17 наурызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 наурыз Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

17 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.

17 наурызда Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

17 наурызда Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

17 наурызда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

17 наурызда түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

17 наурызда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

17 наурызда түнде және тәңертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069490-zel-tuman-koktaigaq-eldin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel