Астана мен Алматыда ұзын-сонар кезек: ресейліктер президентін сайлап жатыр
Жарияланған күні:
15-17 наурыз аралығында Ресейде президент сайлауы өтіп жатыр. Алматы мен Астана көшелерінде сайлауға жиналған ресейліктердің қарасы көп. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ресейде президент сайлауы өтіп жатыр. Одан Алматы мен Астанада тұрып жатқан ресейліктер де қалыс қалған жоқ.
"17 наурызда президент сайлауына дауыс беру өтіп жатқан Алматыдағы Ресей консулдығында түскі уақытта ғимарат маңына 3 мыңға жуық адам жиналды. Әлі де келіп жатыр.
Консулдықта орналасқан учаскелерге арналған екі кезек Манас көшесінен басталып, 1,5 шақырымнан асады. Халық бір жарым-екі сағат тұрып дауыс беруде. Полицейлер дауыс беруге ниет білдіргендердің құжаттарын тексеріп жатыр.
Кезек минутына шамамен бір метр жылдамдықпен қозғалады", - деп жазады Orda.kz Telegram-арнасы.
Астанада да сайлау учаскесіне келгендер де Әуезов көшесінен басталып, Кенесары көшесіне дейін созылып жатқан ұзын-сонар кезекте тұр. Мұнда да мыңнан астап адам жиналған.
"Кенесары көшесінің бойындағы ұзын-сонар кезек астаналықтарды таңғалдырды. Бұл Ресей Федерациясының президенттік сайлауына дауыс беруге келген Ресей азаматтары екені белгілі болды", - деп жазады Astanovka98 Telegram-арнасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069676-astana-men-almatyda-uzyn-sonar-kezek-reseilikter-prezidentin-sailap-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.