jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Синоптиктер осы аптада бірқатар өңірде қалың қар жауады деп болжады

Қар жауып тұр
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі сурет: Cem Genco/Getty Images

"Қазгидромет" РМК 16-22 наурыз аралығындағы кезеңге апталық гидрологиялық болжам жариялады. Болжам бойынша кей өңірлерде қатты қар, нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 16-22 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: қар аралас жаңбыр: көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасын. 

Қатты жауын-шашын:

  • 16-17, 20-21 наурызда Маңғыстау облысында;
  • 18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында;
  • 19 наурызда Қостанай облысында;
  • 20 наурызда Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қатты жауын-шашын болады.

21 наурызда қалың қар жауады деп болжанып отыр.

19-22 наурызда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында (Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жауын-шашын күтіледі.

20-21 наурызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қалың қар жауады.

"Қазақстанның басым бөлігінде аптаның бірінші жартысында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі, аптаның екінші жартысында суық антициклонның енуімен ауа температурасы төмендейді.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар етеді", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Синоптиктер осы аптада бірқатар өңірде қалың қар жауады деп болжады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.