Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар өзін құмар ойындардан қолданба арқылы шектей алады

Опубликовано:

Казиноның ішкі көрінісі
Казино. Көрнекі фото: pixabay.com

18 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары, сондай-ақ ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге өздерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеу туралы өтініш бере алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Туризм және спорт министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, "Ұлттық ақпараттық технологияла" АҚ-мен бірлесіп ҚР азаматтары мен резиденттерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеу жөніндегі қызметті автоматтандыру бойынша жұмысты аяқтады.

"Бүгіннен бастап Қазақстан азаматтары, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге өздерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеу туралы өтініш бере алады. Бұл рәсім "Ойын бизнесі туралы" ҚР Заңының 15-1 бабында көзделген және автоматтандыруға дейін тиісті тұлғаларды өзін-өзі шектегендер тізіміне қосу 8 жұмыс күні ішінде қағаз форматта жүзеге асырылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жаңа қызмет өтініштерді өңдеу мерзімін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматқа, ең алдымен құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін тұлғаларға лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

"Өзін құмар ойындарға қатысудан шектеу үшін Қазақстан азаматына немесе резидентіне өз телефонына eGov mobile мобильді қосымшасын жүктеп, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасап алу керек.

Өтініш ЭЦҚ мен өтінімге қол қою арқылы онлайн беріледі. Өтініш бергеннен кейін сервис өтінішті дереу тіркейді және өтініш берген тұлға өтінішті қайтарып алу құқығынсыз 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан шектелген адамдардың тізіміне енгізіледі. Бұл ретте, құмар ойындарға қатысуды шектеу және бәс тігу мерзімі аяқталғанға дейін шектеуді ұзарту туралы өтініш беруге болады", - делінген хабарламада.

"Ойын бизнесі туралы" Заңына сәйкес тізімге енген тұлғалар туралы мәліметтер құпия сақталады. Тиісінше, мұндай мәліметтер тек ТСМ-нің лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ құмар ойынға қатысқысы келетін адамдардың тізімде болу деректерін ЖСН енгізу арқылы жекелеген сұрау салу үшін лицензияланған ойын бизнесі ұйымдастырушыларына ғана қолжетімді.

"Ойын бизнесі субъектілерінің әрбір сұрау салуы тізімде тұрған адамдардың өзге де жеке деректерін ашпай-ақ тек қана ЖСН деректемелері бойынша жеке өңделетін болады. Ойын бизнесі субъектілерінің тізімнің толық нұсқасына қол жеткізе алмайды.

Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан бас тартқысы келетін тұлғалар өтінішті дербес ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, өздігімен беруге тиіс екеніне назар аударамыз. Өтінішті үшінші тұлғалар бере алмайды", - деп ескертті министрдік өкілдері.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп егжей-тегжейлі бейне нұсқаулық әзірленді, ол eGov mobile мобильді қосымшасында және Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында мына сілтемесі бойынша қолжетімді.

Ведомство мәліметінше, цифрлық сервиспен қатар Қазақстан азаматтары мен резиденттері үшін Заңның 15-1-бабына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушылары арқылы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу туралы жазбаша өтініш (қағаз нысанда) беру мүмкіндігі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2069943-qazaqstandyqtar-ozin-qumar-oiyndardan-qoldanba-arqyly-sektei-alady/

pixel