jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда мұғалімдер оқу процесіне керек оқулықты таңдай алады

Қорап ұстаған әйел
Әйел жұмыс кезінде. Көрнекі фото: pixels.com

Бұдан бұлай еліміздегі мұғалімдер сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне қарай, өздеріне ұнайтын оқулықты ETANDAU.GOV.KZ платформасы арқылы таңдай алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, елімізде оқулықтарды таңдау жүйесі автоматтандырылды.

Қазіргі таңда электронды платформа Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Қостанай облысының бірқатар мектебінде апробациядан өтті.

"ETANDAU.GOV.KZ – бұл мұғалімдерге арналған оқулықтарды таңдаудың ашық жүйесі. Апробация кезінде оның функционалдығы және жұмысты оңтайландыру мүмкіндіктері расталды. Педагогтер оқу процесінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылуын ескере отырып, өздеріне ұнайтын оқулықты өз бетінше таңдай алады", - деп атап өтті Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының директоры Назира Әбдірахманова.

Қазір мұғалімдер платформаны пайдалану бойынша оқытудан өтіп жатыр.

Министрлік өкілдерінің сөзінше, бұл бастама білім беру сапасын және тиімділігін арттыруға тағы бір қадам болмақ.

Қазақстанда мұғалімдер оқу процесіне керек оқулықты таңдай алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.