Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясы экс-басшысының соты қайта жалғасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Марат Күштібаев
Марат Күштібаев. Фото: gov.kz

Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Бұл жөнінде Жетісу облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі Талдықорған қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша айыпталған К.-ға қатысты қылмыстық істі қарау жалғасатынын хабарлайды. Сот отырысы осы жылдың 28 наурызына белгіленді", – деп мәлімдеді сот өкілдері.

5 наурызда қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған ІІБ бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Ол кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында болды. Осы жағдайға байланысты сот отырысы кейінге қалған еді.

Еске салайық, өткен жылы қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін ол екі айға қамауға алынған. Сонымен бірге Күштібаев туралы бұған дейін де шыққан дауларды жинап шыққан едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070090-qyz-zorlady-dep-aiyptalgan-taldyqorgan-policiyasy-eks-bassysynyn-soty-qaita-zalgasady/