Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында таксиші болып жұмыс істейтін алты баланың анасы туралы не білеміз (видео)

Опубликовано:

Ботагөз Хасенова
Ботагөз Хасенова. Видеодан кадр: 24.kz

Жамбыл облысында алты баланың анасы таксиші болып жұмыс істейді. Ол бала кезінен көлікке қызығушылық танытқан. Нәтижесінде хоббиі қосымша табыс көзіне айналды, деп хабарлайды 24.kz.

Ботагөз Хасенованың көлік жүргізгеніне 20 жылдан асты. Айтуынша, көлікке мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ қызыға бастаған.

9-сыныпта оқып жүргенде ауылда су болмаған. Оны мотоциклмен көрші ауылдан әкелуге тура келген екен. Ол "Темір тұлпарды" алғаш рет осылай тақымдапты.

"Кішкентай кезімнен мотоциклге қызығатынмын. Бастапқыда велосипед теуіп, есейген соң мотоциклмен жүре бастадым. Одан кейін көлікке ауыстым. Алғашқы көлігім "Москвич" пен "Жигули" болды. Оларды ауылда айдап үйрендім", – дейді такси жүргізушісі Ботагөз Хасенова.

Ботагөз Хасенова Бірлесу-Еңбек ауылында 4 жылдан бері таксиші болып жұмыс істейді. Алғашында көпбалалы ана облыс орталығына азық-түлік алуға барып, жол бойы ауылдастарын жеткізіп жүрген. Нәтижесінде қарапайым хобби табыс көзіне айналды. Әйел ауыл арасында ғана емес, Таразға да жолаушы тасымалдайды.

"Үлкен қызым 19 жаста. Ол университетте ақылы бөлімде оқиды. Сондықтан күйеуіме көмектесуді жөн көрдім, өйткені ақша ешқашан артық болмайды. Көлік жүргізу – қосымша табыс қана емес, бала күнгі арманым", – дейді көпбалалы ана.

Оның тұрақты жолаушылары бар. Көпшілік оны мақтап, сенімді жүргізуші екенін айтады. Ботагөз күннің қай мезгілінде болса да епті жүргізуші дейді.

"Ол көлікті өте жақсы жүргізеді, жол ережесін біледі. Белгіленген жерге ғана тоқтайды. Көлікті ер адамдарға қарағанда абайлап айдайды", – дейді Бірлесу-Еңбек ауылының тұрғыны Түзел Наралиева.

Ал Ботагөздің күйеуі техникалық қызмет көрсету станциясында слесарь болып жұмыс істейді, сондықтан ол әйелінің көлігіндегі ақауларды оңай жөндей береді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070243-zambyl-oblysynda-taksisi-bolyp-zumys-isteitin-alty-balanyn-anasy-turaly-ne-bilemiz-video/

pixel