Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"135 млн теңге қарыз": Ақтөбеда құрылыс компаниясы жүздеген жұмысшыны жалақысыз қалдырған

Опубликовано:

Ғимараттың құрылыс жұмыстары
Ғимараттың құрылыс жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде айлығын даулаған құрылысшылар облыс әкімдігіне жиналды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй салған жұмысшылардың алды жарты жылдан бері жалақы алмаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

5Телеарна ақпаратынша, жалақысын даулап жүрген жұмысшылардың саны жүзге жуық. Олар Есет батыр тұрғын үй алабындағы тоғыз қабатты үш үйді салған.

"Олар ойламай ма екен, екі-үш ай бойы қалай өмір сүреміз? Бала-шағамызды қалай асыраймыз? 7-8 бригада. Бригадада кемінде төрт адамнан. Түрлі маман бар. Арызымызды прокуратураға беріп қойдық", - деді Ақылбек Сағидоллаев.

"Мен кафель жапсырдым. Алашағым миллионның үстінде, "Сәулетте", соны талап етеміз. Ақша жоқ. Отбасын асырау оңай емес қой. Кредиттің мерзімі күтіп тұрмайды, өсімақы қосып жатыр", - деді Дархан Себепов.

37 бригада ғимараттардың іші-сыртын сылап тап-тұйнақтай еткен. Ал тендерді ұтып алған "Ақтөбе сәулет" компаниясы құрылыс біткенде бір тиын да төлемей қойған. Мердігер "әкімдіктен ақша түспей жатыр" деп алдайтын көрінеді.

Алайда тапсырыс берген шенеуніктер ақшаны жаңа жылға дейін аударып үлгерген. Құрылыс компаниясының жұмысшыларға берешегі 135 миллион теңгені құраған. Еңбек инспекциясындағылар тексеруге шығып, жалақыны "өзіміз өндіріп береміз" деп отыр.

"Арыз-шағым тіркеліп, енді жақын арада тексеріс болып, осы анықталған жағдайда нұсқама беріп, айыппұл саламыз. Бүкіл үстемемен алып беруге әрекет жасаймыз", - деді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Талғат Есқарин.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070435-135-mln-tenge-qaryz-aqtobeda-qurylys-kompaniyasy-zuzdegen-zumyssyny-zalaqysyz-qaldyrgan/

pixel