Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын, су тасу қаупі: синоптиктер елдің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Жаңбыр. Көрнекі фото:
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынып, Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктер болжамынша, 19 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік, оңтүстік-батыс жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

20 наурызда таңертең және күндіз Түркістан облысында жаңбыр, облыстың батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, 21 наурызда жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында өте қатты жаңбыр күтіледі.

Шымкентте 20 наурызда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, 21 наурызда жаңбыр, кей уақыттарда өте қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, 20 наурызда күндіз, 21 наурызда тәулік бойы екпіні 15-20 м/с, 21 наурызда кей уақыттарда 25 м/с.

20-22 наурыз аралығында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ ауа температурасының жоғарлауына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

18-20 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

19 наурыз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырау қ.: 19 наурыз түнде және таңертең тұман күтіледі.

19 наурызда түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

19 наурызда күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада 19 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні 15-18 м/с

19 наурызда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

19 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 наурызда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070438-zauyn-sasyn-su-tasu-qaupi-sinoptikter-eldin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel