Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Яндекс Қазақстан: енді Карты қолданбасымен атпен де, космомобильмен де саяхаттай аласыз

Опубликовано:

Яндекс Карты
Сурет: Яндекс Казахстан

Қазақстан, 18 наурыз 2024 жыл. Яндекс Карты қолданбасында навигация режимінде он жаңа курсор шықты. Енді пайдаланушылар әдеттегі сары түсті сілтеуіштің орнына белгішені таңдай алады. Ал жаңа курсорлардың бірі елдің мәдениеті мен өз ерекшелігіне сүйеніп жасалған.

Қазақстандағы пайдаланушылар елдің символдарының бірі қоңыр тұлпар кейпіндегі бірегей курсорды таңдай алады. Ол шынайы көріну үшін анимацияланған — ат навигация режимінде нағыз тұлпардың бітімі мен жылдамдығын сақтап шабады. Мұндай анимация Карты қолданбасында алғаш рет жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ пайдаланушылар седан, кроссовер, мотоцикл, жол талғамайтын джиптер, спорткарлар, тіпті космомобиль түріндегі курсорларды қолдана алады.

"Яндекс Карты қолданбасын ай сайын 3 миллионнан астам қазақстандық қолданады. Олардың әрқайсысының қолданбаны, соның ішінде интерфейс элементтерін өзіне бейімдей алғаны біз үшін маңызды. Бүгін енгізілген курсорлар, соның ішінде Қазақстан мәдениеті мен тарихына сүйеніп жасалған анимациялық тұлпар — осы бағытқа жасалған тағы бір қадам", — дейді Яндекс Карты халықаралық өнімінің басшысы Евгений Шильников.

Белгішені таңдау үшін Яндекс Карты қолданбасын соңғы нұсқасына жаңартып, профильге өтіңіз де, баптауларды ашып, "Навигация", одан кейін "Курсор" түймесін басыңыз.

Яндекс Карты қолданбасын Google Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2070660-yandeks-qazaqstan-endi-karty-qoldanbasymen-atpen-de-kosmomobilmen-de-sayaxattai-alasyz/

pixel