Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәрім Мәсімов шын мәнінде жазасын өтеп жатыр ма: ішкі істер министрі жауап берді

Опубликовано:

Кәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов. Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов шын мәнінде түрмеде жазасын өтеп жатыр ма? Бұл сұраққа бүгін мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен неліктен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің жазасын өтеп жатқанын растайтын бірде-бір фото немесе видео жоқ екенін сұрады.

"Жазасын өтеп жатқан адамың барлығын көрсете алмаймыз, репортаж (жасай алмаймыз – ред. ескертпесі), ол сотталды, қамауда отыр", – деп қысқаша жауап берді Сәденов.

Еске салайық 2022 жылы болған Қаңтар оқиғасынан кейін Кәрім Мәсімов 2016 жылдан бері атқарып келген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді.

Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

"Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Ануар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәлуте Ерғожин ұсталды", - деген еді ҰҚК өкілдері.

2022 жылдың тамызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК бұрынғы басшылығына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады. Қарашада Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларының ісі сотқа жіберілді.

2023 жылдың 24 сәуірінде оларға қатысты сот үкімі шығып, Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2071377-karim-masimov-syn-maninde-zazasyn-otep-zatyr-ma-iski-ister-ministri-zauap-berdi/

pixel