jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Мереке күндері Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Қар көшкіні
Қар көшкіні. Көрнекі фото: Алматы қаласы ТЖД ресми сайты

Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты блок бекеттер қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктер 21-23 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі туралы дауылдық ескерту жариялады.

Жылымықтың әсерінен, қатты жауын-шашын түсуіне, сондай қар жамылғысының құбылмалы жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін.

"Қазселденқорғау" мамандары наурыз айында қар көшкінінің ең қауіпті түрі мұзды сел болуы мүмкін деп ескертті.

"Алматы тауларында көшкін қаупінің жоғары дәрежесі сақталуда. Адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында: Шымбулақ ТШК , "Аюсай" бөгетінен жоғары "Визит центр" (үлкен Алматы аумағы), кіші Алматы өзеніндегі "Эдельвейс" бассейніне блок бекеттер қойылды.

Осыған байланысты тұрғындардан 21-23 наурызда тауға шықпауды сұраймыз", - делінген хабарда.

Мереке күндері Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.