jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шетелдіктер Қазақстан елтаңбасына шағымданды ма: СІМ өкілі жауап берді

Елтаңба
Елтаңба. Көрнекі фото: Andrey Rudakov / Bloomberg / Getty Images

Бүгін өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның елтаңбасын өзгерту мүмкіндігі туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Журналистер бүгін депутат Еркін Әбіл Елтаңбамыз тек қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де түсінікті болуы керектігін айтқанын атап өтті.

Осыған байланысты олар басқа мемлекеттердің өкілдері "Қазақстанның елтаңбасын түсінбей қалдық" деп шағымданған жағдайлар болды ма деп сұрады.

"Елтаңба – біздің рәміз, солай емес пе? Неліктен шетелдіктердің көңілінен шығу үшін оны өзгертуіміз керек? Мұндай өтініштер түспегені анық, егер түскен болса, бұл бос сөз шығар. Бұл қоғамда пісіп-жетілген ішкі мәселе. Өздеріңіз білесіздер, ол әлі де талқыланып жатыр, Сондықтан ішкі мәселеге қатысты бұдан әрі түсініктеме бере алмаймын. Уақыт өте көреміз, "- деді Айбек Смадияров.

Жалпы, оның айтуынша, шетелдік серіктестерге елтаңбасы мен туын ұнатпайтынын айту жаман әдет.

Шетелдіктер Қазақстан елтаңбасына шағымданды ма: СІМ өкілі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.