jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Қар көшкіні мен тас құлау қаупі: құтқарушылар Алматы тұрғындарына үндеу жолдады

Құтқарушы
Құтқарушы. Фото: ТЖМ

22 наурызда және алдағы аптада Іле Алатауы жотасының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупінің өте жоғары дәрежесі сақталады. Құтқарушылар Алматы тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматы тауларында қар көшкіні мен тас құлау қаупіне байланысты полиция бекеттері мен ұлттық табиғи саябақтардың табиғатты қорғау бекеттері орнатылып, Алматы облысындағы қар көшкіні қаупі бар аймақтарға тұрғындар мен демалушылардың кіруіне шектеу қойылды.

"Түрген-ұр.Батан", "Есік-көл-Есік", "Қаскелең-лесхоз" жолдарында тас құлау тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігі туристерге таулы-орманды жерлерде серуендеуді жоспарлау кезінде абай болуға кеңес береді", – деп мәлім етті төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында.

Қар көшкіні мен тас құлау қаупі: құтқарушылар Алматы тұрғындарына үндеу жолдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.