Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҰБТ тапсыруға трактормен апарған": БҚО-да шулы оқиғадан кейін бірнеше адам жазаланды

Опубликовано:

Тракторда отырған оқушылар
Тракторда отырған оқушылар. Фото: instagram/lukpan_akhmedyarov

БҚО-да мектеп оқушылары ҰБТ тапсыруға тракторға мініп барған. Бұл жайттан кейін мектеп пен Мұратсай ауылының басшылығына сөгіс жарияланды, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мектеп әкімшілігі мен оқушылардың ата-аналары балаларды ҰБТ-ға трактормен жіберу туралы жергілікті әкімдік пен полицияға хабарламағанын мәлім етті.

"Осы фактіге байланысты жергілікті әкімдік, мектеп басшылығы және көлік жүргізушісінің жауапкершілігі туралы мәселе қаралып, барлығына сөгіс жарияланды", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Мектеп әкімшілігі мектеп оқушыларын неліктен трактормен тасымалдауға бел буғандарын түсіндірді.

Әкімдік мәліметінше, сол күндері облыстағы өңірлерде қар еріп, артынша жаңбыр жауа бастаған, сондықтан балаларды қалаға ҰБТ-ға апаратын жол нашарлаған.

Қазіргі таңда негізгі жолды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатқаны, жұмысты бастау үшін бюджеттен тиісті қаржы бөлінгені атап өтілді. Жобаны 2024-2025 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұған дейін желіде Батыс Қазақстан облысындағы ауыл оқушыларының ҰБТ тапсыру үшін қалаға тракторға мінгізіп жібергені туралы видео тараған болатын.

Облыстық білім басқармасы өкілдері видеоға қатысты түсінік беріп, балаларын Оралға ҰБТ-ға тестілеуге жіберу үшін ата-аналардың өздері трактор жалдауға шешім қабылдағанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073666-ubt-tapsyruga-traktormen-apargan-bqo-da-daudan-keiin-birnese-adam-zazalandy/

pixel