Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да 11-сынып оқушыларын тестілеуге трактормен жеткізген: облыстық білім басқармасы мән-жайды түсіндірді

Опубликовано:

трактормен кетіп бара жатқан оқушылар
Трактормен кетіп бара жатқан оқушылар. Видеодан кадр: instagram.com/lukpan_akhmedyarov

Әлеуметтік желіде 11-сынып оқушыларының трактормен ҰБТ тапсыруға кетіп бара жатқан сәті түсірілген бейнежазба қызу талқыланды. Видео Батыс Қазақстан облысында жазып алынған. Бұған қатысты БҚО білім басқармасының өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған видео тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияровтың желідегі парақшасында пайда болды. Бейнежазба сипаттамасында бұл жағдай БҚО-дағы Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылында болғаны жазылған.

"Бейнежазбада – Бөкей Ордасы Мұратсай ауылы. Тұрғындардың айтуынша, 11-сынып оқушылары ҰБТ (пробный) тапсыру үшін қалаға бара жатыр. Оларды 18 км жердегі трассаға дейін трактормен жеткізген", - дейді автор.

Желі қолданушылары видеоның астына түрлі пікір қалдырды.

"Сол уақытта күніне Қазақстанда жер астынан қанша тонна мұнай сорылып жатыр, таблицадағы (Менделеев - ред.еск.) санамағанда", "Асфальт қайда? Жол қайда? Асфальт әкімдердің қалтасында жатқан сыңайлы. Автобус қайда? Әкімдік оқушыларды осылай тасымалдауға қалайша рұқсат берген?", - дейді желі қолданушылары.

Бұл жағдайға қатысты облыстық білім басқармасындағылар түсінік берді. Айтуынша, ата-аналар балаларын тас жолға дейін жеткізу үшін трактор иесімен келіскен.

"17 наурызда ата-аналар Бөкей ордасы ауданы А.Құсайынов атындағы мектеп-бөбекжай кешенінің бір топ оқушысын Орал қаласына ақылы тестілеуге қатыстыру үшін ауа-райының қолайсыздығына байланысты Мұратсай ауылынан республикалық "Сайқын-Өнеге-Орал" жолына дейін жеке тұлғамен келісіп, трактор көлігімен жеткізген", - делінген хабарламада.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, ата-аналар мектеп әкімшілігіне оқушыларды ақылы тестілеуге қатысу үшін сабақтан босату туралы өтініш берген, өтініш негізінде оқушылар 18-20 наурызда сабақтан босатылған.

Орал қаласына дейін және кері жолда бір ата-ана оқушылардың қасында болған. Қазіргі таңда оқушылар Орал қаласына тестілеуге қатысып, ауылға оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073462-bqo-da-11-synyp-oqusylaryn-testileuge-traktormen-zetkizgen-oblystyq-bilim-basqarmasy-man-zaidy-tusindirdi/

pixel