Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шіріп жатыр": тараздық фермерлер пиязды тегін таратуға мәжбүр болды (видео)

Опубликовано:

Пияз
Пияз. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Тараздық диқандар пиязды тегін таратуға мәжбүр болды, себебі бірнеше тонна көкөніс сатылмай қалған. Ал оны қоқысқа тастау шаруалар үшін тым қымбатқа түседі, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

Телеарна мәліметінше, көп тонналық шіріген қоқысты шығару үшін ақы төлеу керек, ал фермерлер үшін бұл тым қымбат.

"Егер қазір тегін бермесем, бір айдың ішінде шығарып тастауым керек. Ал оны шығару үшін 250 қап 35 мыңның шамасында болады дейді. Егер қоқыс жәшіктері жабылып қалса ше, оны қайда лақтырамын? Бір жерге лақтырамын деп, айыппұл салынса, оған ақшаны қайдан табамын?" – деді шаруалардың бірі.

Жамбыл облысындағы ондаған шаруа осындай жағдайға тап болды. Олар әлі толықтай шіріп кетпеген пиязды тез таратуға тырысуда. Қазір қала тұрғындары қоймалардағы көкөністі қалағанынша тиеп әкетіп жатыр.

Шаруалар өнімді сақтаудан бастап, оны кәдеге жаратуға дейінгі әрбір қадам үшін ақы төлеуге мәжбүрміз деп шағымданды.

Фермерлер шығынға ұшырағандарын өткен аптада хабарлады. Былтыр Жамбыл облысында миллион тоннаға жуық пияз жиналған. Оның 315 мың тоннасы ішкі сұранысты жабуға кеткен. Қалған көлемді сыртқа саудалау жоспарланған. Алайда биыл өзге елдерден мүлде сұраныс болмапты.

Телеарна дерегінше, бір ғана Жамбыл облысында 140 мың тоннаға жуық пияз шіріп жатыр. Шаруалар күзде жиналған пиязды көктемге дейін сақтағанын, бірақ бағаның одан сайын құлдырап кеткенін, мол пияздың ешкімге керек болмай қалғанын айтты.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2073792-tarazdyq-fermerler-bankrot-bolmas-usin-piyazdy-tegin-taratuga-mazbur-boldy-video/

pixel