Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында алимент төлемеген ана бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Әйел
Әйел. Көрнекі фото: Getty Images/Guido Mieth

Абай облысында әйел алименттен жалтарған. Әйелдің балалары алдындағы қарызы 2,7 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды Астана арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, жауапкершіліктен жалтарған әйелге заңды жаза тағайындалған.

Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының үкімі бойынша қылмыстық кодекстің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, қылмыстық кодекстің 44-бабы 1 бөлігімен жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған болатын.

Бірақ әйел сот үкімін орындамаған.

"Абай облысы бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебіне алынып, тәрбие жұмыстары өткізілгеніне қарамастан, азаматша қорытынды шығармаған. Сот жүктеген міндеттерді орындамай, қасақана алимент төлемеген және жұмысқа орналасқысы келмеген. Үржар аудандық сот шешімімен борышкер әйел сот залынан бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігіне бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", – деді пробация қызметінің аға инспекторы Эльмира Мукитанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074359-abai-oblysynda-aliment-tolemegen-ana-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel