Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешбір адам назардан тыс қалмайды": Ақтөбе облысы әкімі су тасқынына байланысты өңірдегі қазіргі ахуалды айтты (видео)

Опубликовано:

Ақтөбе облысында полицейлер су тасқынына қарсы жұмыстарға қатысып жатыр
Ақтөбе облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар. Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров су тасқынына байланысты облыстағы қазіргі ахуалды баяндап, видео жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңір басшысының Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Асхат Шахаровтың айтуынша, табиғаттың тілсіз апаттарына ешкім тосқауыл бола алмайды. Синоптиктердің де болжамы дәл келіп, еріген қар суына жауын-шашын қосылып, жағдай одан әрі ушыққан.

"Қазіргі уақытта аймақта су шайған жолдар, көпірлер мен өткелдер, су басқан үйлер мен аулалар бар. Кеше аудандарға барып келдім, бүгін қаланы жаяу жүріп қарап шықтым. Материалдық шығынды құрылған комиссия анықтайтын болады. Тұрғындарымызға сабырлығы үшін алғысымды білдіремін. Ешбір адам назардан тыс қалмайды", - деді өңір басшысы.

Облыс әкімі қазіргі уақытта қала және 12 ауданның әкімдері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әскери құрылымдар, полицейлер күндіз-түні де жұмыла жұмыс істеп жатқанын, қызметтер күшейтілген режимге көшкенін атап өтті.

"Олар атқарылған шаруаларды өз деңгейінде БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялап отыр. Су тасқынына қарсы штаб, ахуалдық орталықтағы операторлар тәулік бойы ақтөбеліктердің қоңырауына жауап беріп отыр, тиісті көмек көрсетіп жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ Асхат Шахаров осындай сын сағатта ақтөбеліктерді сабырлыққа шақырып, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды. Әкім видеоүндеуде әрқашан халықпен бірге екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074512-esbir-adam-nazardan-tys-qalmaidy-aqtobe-oblysy-akimi-su-tasqynyna-bailanysty-onirdegi-qazirgi-axualdy-aitty-video/

pixel