Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚМА Боранбаевтың мемлекетке жалған активтерді бергені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: instagram.com/kairat4

Қаржы мониторингі агенттігі өзінің Telegram-арнасында кейбір БАҚ-та Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Кей жекелеген БАҚ өкілдерінің Қайрат Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруінің жалғандығы туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ҚМА өкілдері.

Ведомстводағылардың мәлімдеуінше, жарияланған ақпараттарға сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталды.

Екі нысан бойынша қайта тіркеу рәсімі өтуде.

Қаржылық мониторинг агенттігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Қайрат Боранбаев ісі

Еске салайық, 2023 жылы қарашада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Ол мемлекет мүлкін жымқырды деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда 20 қазанда оның жазасы жеңілдетілгені белгілі болды.

Сотта жазаның өтелмеген бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды деп хабарланды. Сот жазаны ауыстыру кезінде мынадай мән-жайларды ескергені айтылған. Биылғы наурызда Қайрат Боранбаевқа үкім шығарылған кезде сот одан мемлекет кірісіне мынадай активтерді тәркілеген еді:

  • Esentai mall СОСО мен Алматыдағы Esentai Tower бизнес-орталығы арасындағы құны 686 млн теңге болатын екі қабатты коммерциялық ғимарат;
  • Halyk bank шотына салынған 1,3 млрд теңге;
  • Halyk bank шотына салынған 5,7 млн доллар (2,7 млрд теңге);
  • Halyk bank шотындағы 1,17 млн доллар (560 млн теңге);
  • Halyk bank шотындағы 756 млн теңге;
  • Halyk bank шотындағы 193 млн теңге.

Сондай-ақ кәсіпкер табиғи газ импорты кезінде қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеген. Үкім шығар алдында Боранбаев 90 млрд теңге тұратын активтерді мемлекетке ерікті түрде берген. Олардың ішінде:

  • 2,6 миллион тонна мұнай қоры бар 143 ұңғыманы және бағалау құны 35,4 млрд теңге болатын 13,2 млн текше метр газ қоры бар "Қаражанбас Северный" мұнай кен орны;
  • Нарықтық құны шамамен 14 млрд теңге болатын тауардық газды тасымалдаумен және өткізумен айналысатын "Азия газ Чунджа" газ тарату компаниясы;
  • Құны 9 миллиард теңгеден асатын "ҚазТурбоРемонт сервистік орталығы" мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты;
  • Астана орталығындағы құны 1,4 млрд-тан асатын 4 жұлдызды қонақүй;
  • "Алмалы" сауда және ойын-сауық кешені, Fitnation фитнес-орталықтарының желісі және Almaty towers бизнес-орталығындағы кеңсе бөлмелері (жалпы құны 33,8 млрд теңге) бар.

Ал былтырғы 22 желтоқсанда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек баспасөз мәслихатында кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген активтер туралы айтып берген. Қала әкімі Астананың меншігіне тек "Comfort отель" қонақүйі берілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2074938-qma-boranbaevtyn-memleketke-zalgan-aktivterdi-bergeni-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel