Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сақ болыңыз": ТЖД елорда тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Астана
Астана. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК дерегі бойынша, 29 наурызда Астанада жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

"Құтқарушылар тұрғындардан мұқият және сақ болуды сұрайды. Үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында желден жасырынуға болмайды. Сынған сымдар мен тербелмелі белгілерге жақындамаңыз. Автокөлікті ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз", - делінген хабарда.

Төтенше жағдайлар кезінде Астана билігі "109" қызметіне хабарласуды сұрайды.

Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075451-saq-bolynyz-tzd-elorda-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel