Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күндіз жұмыс істемейді: жолаушыларға Шымкент әуежайындағы шектеулер туралы ескертілді

Опубликовано:

Шымкент әуежайы
Шымкент әуежайы. Фото: airserver.kz

Шымкент әуежайы бір айдан астам уақыт бойы күндізгі уақытта жұмыс істемейді. Бұл туралы SCAT әуе компаниясы Instagram-дағы парақшасында жолаушыларға үндеу тастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкент әуежайы 2024 жылғы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында сағат 10:30-дан 18:30-ға дейінгі уақыт аралығында жұмыс істемейтіні хабарланды. Әуе компаниясының мәліметінше, қазір ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады", - делінген хабарда.

Сондай-ақ әуе компаниясы мәліметінше, әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізілуде.

"Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын-ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн", - деп ескертті компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2075730-kundiz-zumys-istemeidi-zolausylarga-symkent-auezaiyndagy-sekteuler-turaly-eskertildi/

pixel