jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Мемлекет басшысы жазушы Сәбит Досановтың отбасына көңіл айтты

Жазушы Сәбит Досанов
Жазушы Сәбит Досанов: adebiportal.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, драматург Сәбит Досановтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті қаламгер, драматург, "Отан" орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты Сәбит Досановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады. Көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланды. Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы жазушы Сәбит Досановтың отбасына көңіл айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.