jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер медициналық көмек үшін қайда жүгіне алады

Медицина қызметкері
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pixabay.com

Су тасқынынан зардап шеккен аудандардың тұрғындары медициналық көмек алуларына болатын телефон нөмірлері жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-арнасында хабарлағандай, медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ дәрігерлер мен жедел жәрдем бригадалары қосымша жұмылдырылған.

Барлық эвакуацияланғандарды дәрігерлер қарап-тексеруде, олардың жағдайы тұрақты, қандай да бір жарақат алу туралы шағымдар түскен жоқ. Жүкті әйелдер мен балалардың жағдайына бақылау жүргізілуде. Босану уақыты таяған әйелдер аудандық және облыстық орталықтарға көшірілді. Денсаулық сақтау министрлігінде жағдайдың күнделікті мониторингі жүргізілуде. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін медициналық және психологиялық көмектің қосымша бригадаларын ашу үшін қызметтердің дайындығы қамтамасыз етілді.

Халықты уақытша жинау пункттерінде тәулік бойғы медициналық посттардың жұмысы қамтамасыз етілді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорлары дайындалды. Барлық өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды бақылау және мониторинг күшейтілді.

Сонымен қатар жергілікті жерлерде денсаулық сақтау мәселелері бойынша байланыс орталықтарының жұмысы бірыңғай алгоритммен тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер тұрғындары денсаулық сақтау басқармаларының Call-орталықтары бойынша келесі нөмірлерге хабарласа алады:

  • Ақтөбе облысы (+7 (7132) 41 02 13)
  • Қостанай облысы (+7 (7142) 52 40 70)
  • Батыс Қазақстан облысы (+7 (7112) 24 00 06)
  • Қарағанды облысы (+7 (7212) 95 55 59)
  • Абай облысы (+7 (7222) 56 64 50)
  • Ұлытау облысы (+7(7102) 99 95 09)
  • Ақмола облысы (109)
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер медициналық көмек үшін қайда жүгіне алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.