Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады: синоптиктер болжам ұсынды

Опубликовано:

Гүлдеп тұрған ағаш
Гүлдеп тұрған ағаш. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, сәуір айында Қазақстанның барлық аумағында бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде.

Сәуір айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан көп, Ұлытау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Түркістан облыстарының солтүстік-шығысында және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында норма шамасында болжанады.

Бір ай ішінде Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан циклондардың әсерінен ауа-райының тұрақсыздығы басым болады. Желдің күшеюі 15-20 м/с, жекелеген күндері екпіні 23-28 м/с дейін (батыста және оңтүстікте шаңды дауылмен), республика бойынша найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

Сәуір айының бірінші онкүндігінің басында және екінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі: түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде күтіледі. 3, 10 сәуірде Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында, онкүндіктің соңында 8-9 сәуірде орталық және оңтүстік-шығысында (Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл облыстары), 9 сәуірде Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын болады деп болжануда.

Республика бойынша тұман, елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады деп күтілуде. Елдің батысында онкүндіктің басында, республиканың басым бөлігінде онкүндіктің ортасында жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі.

Онкүндіктің алғашқы күндерінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендеуі мүмкін: солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында түнде -2...-7°С дейін, күндіз +3...+8°С дейін, содан кейін 4 сәуірден бастап ауа температурасы түнде 0...+5°С, күндіз +12...+20°С дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында температуралық фонның түнде -2...-7°С дейін, күндіз +5...+12°С дейін қайта төмендеуі болжанады.

Сәуір айының басында елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -5...+3°С дейін, күндіз +5...+15°С дейін төмендейді, содан кейін түнде +3...+10°С дейін, күндіз +13...+23°С дейін жоғарылайды деп болжануда. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -3...+5°С дейін, күндіз +7...+15°С дейін төмендеуі болжанады.

Қазақстанның батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде +2...+9°С, күндіз +13...+20°С құрайды.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен температуралық фон жоғарылайды:

  • елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +2...+10°С дейін, күндіз +15...+25°С дейін;
  • оңтүстік өңірлерде және батыста түнде +7...+13°С дейін, күндіз +17...+ 27°С дейін.

Алайда суық ауа райының қайталанады деп болжануда. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарындағы Ресей аумағынан суық ауа массаларының ағуы кезінде термометр бағандары түнде -2...-7°С-қа дейін, күндіз +6...+11°С-қа дейін, оңтүстік аймақтарда және елдің батысында түнде -2...+7°С-қа дейін, күндіз +10...+18°С -ге дейін төмендеуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2076669-sauirde-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzam-usyndy/

pixel