Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: алматылықтар өңірлерге 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

Опубликовано:

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек. Фото: Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Бүгін Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, Алмалы ауданының комьюнити орталығы базасында ашылған қабылдау пункті 29 наурыздан бастап жұмыс істеп жатыр.

Күн сайын алматылықтар зардап шеккен аймақтарға үлес қосып, қажетті заттарды әкелді. Қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар да көмек қолын созды. Соның нәтижесінде 6 күннің ішінде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Атап айтқанда, 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиена құралдары, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар және тағы басқа заттар бар.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымынан 100-ден астам ерікті жұмылдырылды. Өз кезегінде Жастар саясаты басқармасы игі іске атсалысқан алматылықтарға алғыс білдіреді. Сондай-ақ, басқарма еріктілердің еңбекқорлығы мен қала тұрғындарының арқасында су басқан аймақтарға қысқа мерзімде көмек көрсете алатынын атады", - делінген хабарда.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі гуманитарлық көмек қабылдау пункті аптаның соңына дейін Алмалы ауданы, Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында жұмыс істейді, жұмыс уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлады.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қабылданатын гуманитарлық көмек түрлері:

азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмектер мен медициналық керек-жарақтар, киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т.б.), заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т.б.), шаруашылық тауарлары (шатыр, төсеніш, термос, шам, пауэрбанк, шәйнек, балалар ыдыстары, емізік) және гигиена құралдары (памперс, әйелдер гигиенасы, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлық, дәретхана қағазы, жуғыш заттар және т.б.).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078789-su-tasqyny-almatylyqtar-onirlerge-10-tonnadan-astam-gumanitarlyq-komek-ziberdi/

pixel