jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Ресейлік кеденшілер Қазақстанға қолтырауынды өткізбей қойды

Бакс есімді крокодил
Бакс есімді крокодил. Фото: customs.gov.ru

Кеденшілер заңсыз тасымалданған Бакс есімді тірі қолтырауынды Қазақстанға өткізбеді. Бұл туралы РФ кеден қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресей департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанға тірі қолтырауынды заңсыз өткізбек болған.

"Орск бақылау-өткізу бекетінде кеденшілер шағын тоннажды жүк көлігін тексерді. Инспекторлар кузовтан басқа заттардың ішінде тірі қолтырауын салынған ағаш жәшікті тапты. Бауырымен жорғалаушының ұзындығы 1,8 метр.

Көлікті Ростов облысының тұрғыны басқарған. Оның жануарды шетелге шығаруға қажетті рұқсаттары болмаған, бірақ заңбұзушылықпен толтырылған ветеринариялық паспорты болған", - делінген хабарламада.

Кейінірек қолтырауынның аты Бакс екені белгілі болды. Қолтырауынды тасымалдаған адам оны 2009 жылы сатып алған.

Қазір Ресей департаментінің мәліметінше, "Тауарларды әкетуге тыйым салу мен шектеулерді сақтамау" бабы бойынша істің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел шаралар қабылдануда.

Крокодил Бакс енді оның уақытша орналасатын жерін белгілеу үшін мамандандырылған ұйымға беріледі.

Ресейлік кеденшілер Қазақстанға қолтырауынды өткізбей қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.