jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда онлайн петицияларға арналған ресми сайт ашылды

Онлайн-петиция
Онлайн-петиция. Көрнекі сурет: Getty images / Andrey Popov

Қазақстанда онлайн-петициялар беруге арналған сайт іске қосылды. Цифрлық даму министрлігі жаңа онлайн-платформаны қалай пайдалану керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство петиция жасау үшін epetition.kz сайтына кіріп, "петиция жасау" опциясын таңдау керектігін хабарлады.

Одан кейін петиция нысаны бола алмайтын мәселелер тізімімен танысып, растаудан кейін өрістерді толтыруға кірісу керек. Автор барлық қажетті жолдарды толтырып, петицияға қол қоюы тиіс.

Бұдан кейін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган жиырма жұмыс күні ішінде петицияның талаптарға сәйкестігін тексереді.

"Егер модерациядан сәтті өтсе, петиция epetition.kz сайтында шектеулі қолжетімділікпен жарияланады, яғни петиция тек тікелей сілтеме арқылы қолжетімді және 50 дауыс жиналғанға дейін қолжетімді болмайды. Тікелей сілтемеге өту кезінде петицияның функционалдығы бойынша шектеулер жоқ, пайдаланушы үшін барлық функциялар қолжетімді болады: ағымдағы петиция бойынша ақпаратқа қол қою, пікір жазу және қарау. Бұл ақпаратқа қаралым саны, қол қою саны және дедлайндар кіреді", - деп хабарлады министрлік.

Нұсқаулықпен толығырақ мына жерден танысуға болады.

Қазақстанда онлайн петицияларға арналған ресми сайт ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.