Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзендердің арнасынан тасуы және су басу қаупі: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқыны. Көрнекі сурет: Edith Polverini/Getty Images

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

5 сәуірде Павлодар облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бұдан бөлек, 2024 жылғы 3-5 сәуір аралығында ауа температурасының 15-20°С дейін жоғарлануына байланысты Павлодар облысында (Железин, Ақтоғай, Ертіс, Успен және Тереңкөл аудандары) қардың қарқынды еруі, еріген қар ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Бұл ретте автожолдарды, тұрғын елді мекендерді және шаруашылық құрылыстарды еріген қар ағынынан судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

5 сәуірде күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болуы мүмкін деп болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. қ.

4 сәуірдің сағат 20.00-ден 05 сәуірдің сағат 20.00-ге дейін Өскемен, Риддер және Семей қалаларында қолайсыз ауа райы жағдайларының екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

5 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі.

Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Шал ақын және Есіл аудандарында оң мәңді температуралық фонның сақталуына және мұз қабықшасының болуына байланысты 2024 жылғы 6-8 сәуір аралығында Есіл өзенінде және салаларында еріген қар ағынның қарқынды қалыптасуы және мұз қабатының бұзылуы күтілуде.

Мұз құбылыстары әсерінен (мұз жүру, мұз кептелістері) су деңгейінің қауіпті деңгейге дейін күрт көтерілуі, асып кетуі және судың өзен жағасынан шығуы күтілуде.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сондай-ақ синоптиктер Каменный Карьер ауылы – Есіл өзені гидрологиялық бекетінде мұз жүру әсерінен су деңгейінің көтерілуі (1 сағат ішінде 91 см) жалғасып жатқанын хабарлады. Қар жамылғысының қарқынды еруінен, өзен арнасының жоғарыдағы Державинск гидрологиялық бекетінен, бүйірлік ағын және жылғалардан еріген қар ағынының келуінен өзендегі су деңгейі көтерілді.

Мұз және сең кептелістері құбылыстарының әсерінен су деңгейінің одан әрі көтерілуі және судың өзен арнасынан тасуы күтілуде.

5 сәуірде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жауын-шашын болжамына байланысты негізінен жаңбыр түрінде, Қостанай облысының басым бөлігінде және Қостанай қаласында 2024 жылғы 6-9 сәуір аралығында еріген су ағынының қарқынды қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Өзен арналарында мұз кептелісі және су деңгейінің күрт көтерілуі мен шекті белгіден асуы мүмкін.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алдағы түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде де тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079176-ozenderdin-arnasynan-tasuy-zane-su-basu-qaupi-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-eskertu-zariyalandy/

pixel