jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ұлы Жем өзені арнасын бұру үшін жасанды бөгеттерді жару жұмыстары басталды

Су тасқынына қарсы шаралар
Су тасқынына қарсы шаралар. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Қазіргі уақытта Ұлы Жем өзені елді мекенге қауіп төндірмес үшін, қарғын судың деңгейін түсіру өте өзекті мәселе болып отыр. Осы ретте Жемнің бойында орналасқан жасанды бөгеттерді жару арқылы судың арнасын бұру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жауапты мамандармен бірге жүріп жатқан жұмыстарға аэровизуалды тексеру жүргізді.

Су тасқынына қарсы шаралар
Су тасқынына қарсы шаралар. Фото: Атырау облысы әкімдігі

"Жылыойға төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген жеке шаруа қожалықтар суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеп, жасанды бөгеттер тұрғызған.

Бұл қалаға келген судың ағыспен ағып кетуіне үлкен кедергі болып отыр. Соған байланысты бітелген арналардың көзін бөгеттерді жару арқылы ашып жатырмыз. Оны тротилмен жарып, өзен кедергісіз ағып жатыр", - деді Қайрат Нұртаев.

Су тасқынына қарсы шаралар
Су тасқынына қарсы шаралар. Фото: Атырау облысы әкімдігі

Ұлы Жем өзені арнасын бұру үшін жасанды бөгеттерді жару жұмыстары басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.