Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да Петропавл мен үш аудан су астында қалуы мүмкін

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Атыраудағы су тасқыны. Фото: KAZ.NUR.KZ

СҚО әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев 7-8 күн ішінде су тасқыны Петропавл қаласына жетуі мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ облыстың үш ауданына да қауіп төніп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ОҚҚ брифингінде сөз сөйлеген әкім орынбасарына сілтеме жасап.

Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Сергеев су қоймасында су деңгейі 355 сантиметр, алайда әлі де су деңгейі көтерілуі мүмкін.

"2017 жылы толу деңгейі 338 сантиметрге жеткен. Болжам бойынша, су деңгейі 4 метрге дейін жетеді (биыл – ред. еск.). Бұл 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қаупін тудырады. Су басу аймағына 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді. Облыс орталығына 7-8 күнде су келуі мүмкін", - деді ол бүгін ОКҚ брифингінде.

Дүзелбаевтың айтуынша, ең күрделі жағдай 13 ауданның 8-інде байқалып отыр екен. Қар жамылғысы 38-ден 50 пайызға дейін деп бағаланған. 262 елді мекенді су басу қаупі сақталып отыр.

38 үйдің 25-і су астында. 100-ге жуық адам эвакуацияланып, 36 адам үйіне қайтарылды. 109 үй маңындағы аумақ су астында қалды.

"Жолдарда 48 шайып кету жағдайы тіркелді, оның 36-сында әлі су бар. Жол төсемінің 7 учаскесі ашылып, су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 155 километр арық тазартылды, 96,6 километр канал кеңейтіліп, тереңдетілді, 55 мың дана қап дайындалды, 23 мың дана төселді. 540 адам және 233 техника жұмылдырылды. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады СҚО әкімінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080280-sqo-da-petropavl-men-us-audan-su-astynda-qaluy-mumkin/