jitsu gif branding logo appbranding logo app

Санэпидемиология мамандары Жылыой ауданы бойынша санитарлық-химиялық зерттеулер үшін судың сынамасы алды

Ауыз су
Ауыз су. Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлағандай, Жылыой ауданында талдама жасауға су сынамалары алынған.

Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Алия Бекешеваның айтуынша, су құбырынан үш химиялық және үш микробиологиялық зерттеулер үшін сынама алынды.

Бөтелкедегі судын сынама екі микробиологиялық және хмимиялық зерттеу үшін алынды. Қазір талдама жүргізілуде.

Жылыой аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары суды пайдаланбастан бұрын оны тұндырып, қайнату қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсінік берді.

Сондай-ақ, бөтелкедегі суды пайдалану керек. Тұтастай алғанда, барлық елді мекендегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қалыпты, бақылауда тұр", - деп атап өтті Әлия Бекешева. – Медициналық көмек көрсету ұйымдастырылған".

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.