Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр жұртшылығы көркейту-көгалдандыру шараларына жаппай жұмылды

Опубликовано:

Көгалдандыру жұмысы
Көгалдандыру жұмысы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сыр бойы жұртшылығы өздері тұратын қала, аудан орталығы, ауылдарды тазартуға, көгалдандыруға жаппай жұмылды. Жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылып, Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда 20 мыңға жуық саялы ағаш көшеті отырғызылды.

Еске салайық, өңірде 2 наурыз бен 4 мамыр аралығында "Санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру" атты екі айлық акция өтуде. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сенбілікке қатысып, "Қорқыт ата" халықаралық әуежайы аумағына ағаш екті.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 5 жыл ішінде елді мекендерге 15 млн түп ағаш отырғызуды тапсырған болатын.

Осыған сәйкес, Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары бекітілді. Сенбілікте Қызылорда қаласы аумағына 3000 түп көшет отырғызылды.

Көгалдандыру жұмысы
Көгалдандыру жұмысы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Студенттер, жастар ресурстық орталығы мамандары, еріктілер "Тағзым алаңы" мен "Бауырластар бейітінің" аумағын тазартты. Іс-шараға барлық аудан, елді мекен тұрғындары, еңбек ұжымдары мен белсенді жастар қатысуда.

Осылайша облыс бойынша 1119 мекемеден 14611 адам сенбілікке қатысып, жұмысқа қоқыс жинайтын 219 арнайы техника тартылды. Қоқыс полигондарына 299 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.

Көгалдандыру жұмысы
Көгалдандыру жұмысы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, өткен жылы абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 6,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұған 51 жоба жүзеге асырылды, 77 шақырым болатын 58 көше жарықтандырылды, 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 6 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылды. Тағы 17 көпқабатты тұрғын үйдің 5 аулаішілік аумағы абаттандырылды. Демеушілер есебінен қаладағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері қапталып, 1 млрд теңгеге Қызылорда қаласының орталық алаңы көркейтілуде.

Көгалдандыру жұмысы
Көгалдандыру жұмысы. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080370-syr-zurtsylygy-korkeitu-kogaldandyru-saralaryna-zappai-zumyldy/

pixel