Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұны қалай түсінуге болады?": Бишімбаевтың қойын дәптеріндегі Нүкенованың "қолхаты" судьяны таңғалдырды

Опубликовано:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында адвокаттардың айтуынша, Бишімбаевтың қойын дәптеріне Нүкенова жазды делінген хат оқылды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бишімбаевтың адвокаты соттан Бишімбаевтың қойын дәптеріне жазған Салтанаттың "мәлімдемесін" оқуға рұқсат беруді сұрады. Сотталушының адвокатының айтуынша, хат 2023 жылдың мамыр айында Салтанат пен Қуандық туған күнге кешігіп барған кезде жазылған. Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат ешқайда барғысы келмеген, өйткені Бишімбаев оған "екеуі айырылысып кеткен кездегі телефон қоңырауларын қағазға басып шығаруға" рұқсат етпеген.

"Ол (Бишімбаев. – ред. түсіндірмесі) қоңыраулар басып шығарылған қағазды ұсынғаннан кейін ол оның қойын дәптеріне нақты мән-жайға қатысты хат жазғанын білген", - деді экс-министрдің адвокаты.

Содан кейін адвокат Бишімбаевтың қойын дәптеріндегі хатты оқып берді.

"Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандыққа деген сенімді қалпына келтіруге уәде беремін, оған сенетін боламын, қызғанбаймын, психологқа үнемі барып тұруға, өз бетіммен жұмыс істеуге, сеніміммен жұмыс істеуге уәде беремін, адал, тілалғыш боламын, Қуандықты құрметтейтін, боламын, отбасын сақтайтын қамқор әйел боламын.

Балағаттамаймын, долданбаймын, ондай жағдай бола қалса, түсіністікпен қарап, өзімді қолға аламын. Оның пікіріне сенім білдіремін, ол маған жақсылық ойлайтынына сенемін деп ант етемін.

Қоңыраулар тізімін көрдім, көңілім орнына келді, қаупім орынсыз болды, мүмкіндік бергені үшін Қуандыққа ризамын. Бәлкім бұл менің тарапымнан дұрыс болмаған шығар, бірақ басқа амалым болмады. (...)

Сүйікті Қуандығыма қамқор болуға, құрметтеуге, әрқашан қолдау көрсетуге, Қуандықпен бірге намаз оқуға, санаммен жұмыс істеуге, рухани өсуге, Алланың көмегімен үйімді, махаббатымызды қорғауға міндеттенемін. Бірде ол бізді қосқан еді, мен оған махаббатым мен күйеуім үшін алғыс айтамын", - деп хатты Бишімбаевтың адвокаты оқып берді.

Бишімбаевты қорғаушылардың бұл айғағы судьяны таңғалдырды.

"Мұны әйелі күйеуіне жазып отыр ма? Мұны қалай түсінуге болады? Мен әйелдің күйеуіне бұлай деп жазғанын бірінші рет көруім. Мұны не істейміз?" - деп судья таңырқап қалды.

Мемлекеттік айыптаушы және жәбірленуші тараптың адвокаттары бұл жазба мен қойын дәптердің қайдан шыққаны анықталмағанын, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұл дәптердің айғақ ретінде көрсетілмегенін атап өтті. Сондықтан сот жазбаны дәлел ретінде тану туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Айта кетейік, Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Бишімбаевтың соты жалғасуда.

Еске салсақ, өткен аптада сотта Салтанат Нүкенованың телефоны тексерілген болатын. Мемлекеттік айыптаушы марқұмның телефонындағы жазбаларды оқып берді. Солардың бірінде Нүкенова Бишімбаевтың опасыздығы үшін кешірім де сұрамағанын жазған.

Бұған қоса айыпталушы Бишімбаев сотта жауап беруін жалғастырды. Ол Салтанат қайтыс болған күні не жағдай болғанын айтып берді. Сондай-ақ ол сотта Нүкенованы қайтыс болған күні қалай ұрғанын айтты.

Сондай-ақ сотта Бишімбаев Нүкенованы ұрып-соққаны түсірілген кадрлар көрсетілді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2080694-muny-qalai-tusinuge-bolady-bisimbaevtyn-qoiyn-dapterindegi-nukenovanyn-malimdemesi-sudyany-tangaldyrdy/

pixel