Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақытты босқа кетірмеу үшін": Бишімбаев мейрамханада Нүкенованы неге шашынан сүйрегенін айтты

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта зардап шеккен тараптың адвокаттары айыпталушыдан бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлар бойынша Салтанат Нүкенованы қандай мақсатпен шашынан сүйрегенін сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі деп хабарлайды.

Зардап шеккен тараптың адвокаттары Қуандық Бишімбаевтан неліктен Салтанатты VIP-кабинаға шашынан сүйреп апарғанын сұрады. (Бұған дейін сотта көрсетілген бейнебақылау камерасының видеожазбада Бишімбаев қызды бетінен ұрып, тепкен соң сүйреген).

"Күштеп тұрғызғым келді, дәретханада оны тұрғызуға тырысқаным есімде, ол ұзақ уақыт тұрмады.

Мен оның тез тұрып кеткенін қаладым, шынымды айтсам, уақытты босқа өткізбеу үшін. Ол орнынан тұрып, киінуін талап еттім", - деп жауап берді Бишімбаев.

Бұл сұрақтың алдында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаевқа сұрақ қойып, одан "адамды тұрғызудың шашынан сүйреуден басқа тәсілдерін білесің бе" деп сұрады. Бишімбаев сол кезде қатты ызалы болғанын айтты.

Айта кетейік, Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Бишімбаевтың соты жалғасуда.

Еске салсақ, өткен аптада сотта Салтанат Нүкенованың телефоны тексерілген болатын. Мемлекеттік айыптаушы марқұмның телефонындағы жазбаларды оқып берді. Солардың бірінде Нүкенова Бишімбаевтың опасыздығы үшін кешірім де сұрамағанын жазған.

Бұған қоса айыпталушы Бишімбаев сотта жауап беруін жалғастырды. Ол Салтанат қайтыс болған күні не жағдай болғанын айтып берді. Сондай-ақ ол сотта Нүкенованы қайтыс болған күні қалай ұрғанын айтты.

Сондай-ақ сотта Бишімбаев Нүкенованы ұрып-соққаны түсірілген кадрлар көрсетілді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080841-uaqytty-bosqa-ketirmeu-usin-bisimbaev-meiramxanada-nukenovany-nege-sasynan-suiregenin-aitty/

pixel