Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратының бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды

Опубликовано:

Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратының алдында студенттер жиналып тұр
Абай атындағы ҚазҰПУ. Фото: kaznpu.kz

Алматыда прокурорлар Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті ғимаратының бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл жөнінде қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы орган таратқан ақпарат бойынша, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтаған.

"1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 мың теңгеге заңсыз сатты.

Сол жылы 62 мың теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған", - делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлардың мәліметінше, университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі "Ескі қақпа" орналасқан.

Кейіннен оқу корпусының ғимаратында "Ескі қақпа" атты ойын-сауық мекемесі ұйымдастырылған.

Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді.

Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді.

Аталған жайтқа Абай атындағы ҚазҰПУ баспасөз қызметі де пікір білдірді.

"Ел президентінің тапсырмасын іске асырудың сәтті мысалдарының бірі Медеу аудандық сотының Алматы қаласы Қазыбек би көшесі 28 мекенжайындағы үй-жай мен іргелес жер учаскесін Университет меншігіне қайтару туралы шешімі болды. Қазіргі ректор Болат Тілеп осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізіп, университет меншігіне өтуі тиіс жекешелендірілген мемлекеттік ғимараттарды қайтару бойынша нақты шараларды қолға алуда.

Ректордың жеке бақылауына қойылған басқа да заңсыз иеліктен шығарылған мүліктік объектілерді қайтару жұмыстары жалғасуда. Бұл процесс университеттің инфрақұрылымын дамытудағы және оның қажеттіліктерін заманауи білім беру талаптарына сәйкес қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып саналады.

Осылайша, жекешелендірілген мемлекеттік ғимараттарды қайтаруға бағытталған жұмыстар нақты құқықтық мәселелерді шешуге ықпал етіп қана қоймай, білім берудің дамуына қолдау көрсетіп, Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттердің білім алуы мен дамуына барынша жағдай жасайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081411-almatyda-abai-atyndagy-qazupu-gimaratynyn-bir-boligi-memleket-mensigine-qaitaryldy/

pixel