Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр өңірінде "Таза Қазақстан – таза аймақ" экологиялық науқаны басталды

Опубликовано:

Сыр өңіріндегі экологиялық науқан
Сыр өңіріндегі экологиялық науқан. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бүгін Қызылорда облысында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде "Таза Қазақстан – таза аймақ" экологиялық науқаны бастау алды. Аталған шараға Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылының тұрғындары да белсенді қатысты.

2200-ден аса тұрғыны бар республика мен облыстағы "Үлгілі ауыл" байқауларының жеңімпазы атанған елді мекен тұрғындарының тазалыққа жаны құмар. Өз аулаларынан бастап ауылдың тазалығын сақтауға үлес қосуды әдетке айналдырған. Нағилықтардың ағаш отырғызу, тазалық жұмыстары мен сенбіліктерге белсене араласуын басқа елді мекендерге үлгі ретінде атауға болады. Бүгінгі акцияға 150-ге жуық ауыл тұрғындарының белсенді қатысуы да сөзімізге дәлел ретінде қарауға болады.

Акция барысында нағилықтар ағаш көшеттерін отырғызып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Еліміздің үлгілі ауылдарының бірі саналатын ауыл орталығындағы аллеялар және арықтар тазартылды.

Экологиялық науқан
Экологиялық науқан. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Акцияға аудан әкімі мен Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев бастаған ауыл тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер де өз үлестерін қосты.

Нағи ауылындағы шаруашылықтың негізгі инвесторы "Абзал и К" толық серіктестігі абаттандыру жұмыстарына ерекше мән беріп, санитарлық тазалық пен көркейту-көгалдандыруға атсалысып келеді.

Экологиялық науқан
Экологиялық науқан. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Жалпы Сырдария ауданында жыл басынан бері 6000-ға жуық ағаш отырғызылып, тазалық жұмыстары белсенді ұйымдастырылуда.

Айта кету керек, облыс әкімі "Таза Қазақстан" акциясына қолдау білдіру мақсатында аймақ тұрғындарына "Таза Қазақстан – таза аймақ" үндеуін жариялаған болатын.

Экологиялық науқан
Экологиялық науқан. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081831-syr-onirinde-taza-qazaqstan-taza-aimaq-ekologiyalyq-nauqany-bastaldy/

pixel