Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы: онлайн-трансляция

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сотта
Қуандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада заңсыз некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube-каналында онлайн көрсетіледі.Сот отырысының онлайн трансляциясы сағат 09:30-да басталады.

Айта кетейік, кеше, 9 сәуірде түстен кейін сот отырысы қайта жалғасты.

Сот отырысында Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина Нүкенова мен Бишімбаевтың қарым-қатынасы туралы баяндап берген болатын.

Сотта Нүкенова қаза болған түні жұмысшы мен BAU қызметкерінің алмасқан хаты оқылды.

Кейін Нүкенова қайтыс болған күні мейрамханада Бишімбаевтан жауап алған сәттің видеосы көрсетілген еді.

Сондай-ақ сот отырысы барысында сот-медициналық сарапшы Бишімбаев Нүкенованы қылғындырған болуы мүмкін екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082038-eks-ministr-quandyq-bisimbaevqa-qatysty-kezekti-sot-otyrysy-onlain-translyaciya/

pixel