Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы: онлайн-трансляция

Опубликовано:

Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Сот отырысының трансляциясынан скриншот: KAZ.NUR.KZ

Астанада заңсыз некедегі әйелі марқұм Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының YouTube-тегі ресми арнасында тікелей эфирден көрсетіледі. Сот отырысы сағат 14:30-да басталады.

Бүгін түске дейін Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы жалғасқан болатын.

Сотта Нүкенова қаза болған түні жұмысшы мен BAU қызметкерінің алмасқан хаты оқылды.

Кейін Нүкенова қайтыс болған күні мейрамханада Бишімбаевтан жауап алған сәттің видеосы көрсетілген еді.

Сондай-ақ сот отырысы барысында сот-медициналық сарапшы Бишімбаев Нүкенованы қылғындырған болуы мүмкін екенін айтқан.

Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.

Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081588-quandyq-bisimbaevtyn-soty-onlain-translyaciya/

pixel