Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев соты: алқабилердің суреті БАҚ-та тарап кеткен

Опубликовано:

Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы. Фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін Қуандық Бишімбаев ісі бойынша өтіп жатқан сотта осыған дейін болған сот отырыстарының бірінде алқабилердің бет-жүзі көрсетілген сурет БАҚ-та тарап кеткені белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды

Сот отырысының басында судья әлеуметтік желілерде алқабилердің фотолары мен видеосы пайда болғанын айтып, БАҚ өкілдеріне түсірілімге тыйым салу туралы ескертілгенін еске салды.

Тыйым талаптарының бұзылғанына байланысты судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды бұйырды.

Айта кетейік, Жоғарғы сотта Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы басталғанда журналистерге алқабилер құрамын фото-видеоға түсіруге тыйым салынғаны хабарланған.

Бишімбаевтың ісі бойынша со отырысы бүгін сағат 9.30-да басталуы керек еді, алайда ол сағат 10.00-да басталды.

Айта кетейік, кеше, 9 сәуірде түстен кейін Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты.

Сот отырысында Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина Нүкенова мен Бишімбаевтың қарым-қатынасы туралы баяндап берген болатын.

Сотта Нүкенова қаза болған түні жұмысшы мен BAU қызметкерінің алмасқан хаты оқылды.

Кейін Нүкенова қайтыс болған күні мейрамханада Бишімбаевтан жауап алған сәттің видеосы көрсетілген еді.

Сондай-ақ сот отырысы барысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Бишімбаев Нүкенованы қылғындырған болуы мүмкін екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082110-bisimbaev-soty-alqabiler-alqasynyn-sureti-baq-ta-tarap-ketken/

pixel