"Мойнынан жіптің ізін көрдім": Нүкенованың көмекшісі өзі куә болған жайттарды айтып берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Қуандық Бишімбаев ісі бойынша өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың астрология бойынша көмекшісі Тасова Анар Нүкенованың денесінен көгерген, мойнынан қылғындыру белгілерін көргенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Нүкенованың көмекшісі Анар Тасова Салтанат күйеуінен бірнеше рет кетуді жоспарлағанын айтты. Онымен кездескен кезде Салтанаттың денесінен көгерген тұстарын көргенін айтты.
"5 шілдеде таңғы сағат 8 шамасында Салтанат маған қоңырау соққан. Шабаданмен қайда барсам болады, қандай кафелер жұмыс істейді деп жазды. Сосын сағат 17:40-та алып кетуді өтінді. Оның рейсі бар еді. Сол кезде мүлдем көңіл-күйі жоқ еді.
Оның мойнынан қылғындырған жіп ізін, сол жақ бетінің көгергенін байқадым. Ол маған Қуандық тиран екенін, құрбыларымен, апа-сіңлілерімен араластырмайтынын айтты. Мен оны көріп жылағым келді", - деді Нүкенованың көмекшісі.
Көмекшісінің сөзінше, сол кезде Салтанатқа Қуандық телефон соққан. Ол дірілдеп, кері такси шақырып кетіп қалғанын айтты.
Кейін тағы сөйлескенде Нүкенова ауруханада жатқанын және өзін нашар сезінетінін жеткізген. Анардың айтуынша, сол кезде Салтанат астрология бойынша кеңестерін сирек өткізген, шамамен айына бір рет, үнемі кейінге қалдырып отырған.
Салтанат көмекшісінен бұл туралы ешкімге ештеңе айтпауды өтінген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082197-moinynan-qylgyndyrgan-izdi-kordim-nukenovanyn-komeksisi-ozi-kua-bolgan-zaittardy-aityp-berdi/