Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат соққыға жығылған сәттің монтаждалған видеосын көрсетті

Жарияланған күні:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Сотта Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істі қарау кезінде Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары келіншектің соққыға жығылған сәті түсірілген видеоны көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бишімбаевтың адвокаттарының бірі BAU мейрамханасының бейнебақылау камерасынан алынған видеоның "өзі монтаждаған" видеосын ұсынғысы келетінін айтты.

Айта кетейік, бұл бейнежазба бұрын сотта көрсетілген – онда Бишімбаев Салтанат Нүкенованы ұрған, сол соққыдан оның басы қабырғаға соғылған. Бұған қоса Бишімбаев оның мойнынан ұстап, тепкілейді.

Адвокаттар соққы тым алыстан көрсетілген деп есептеп, оны үлкейтіп монтаждауды ұйғарған.

"Онда мойын көгерген жағдай мен кірпішке соғылған жағдай көрсетілген", - деді Бишімбаевтың адвокаты бетінен соққы алған кезде Салтанат басын қабырғаға ұрып алған кезін меңзеп, ал Бишімбаев сол кезде әйелінің мойнына жармасқан.

Айта кетейік, зорлық-зомбылық көріністері болғандықтан, біз видеоны жарияламайтынымызды ескертеміз.

Еске салсақ, Астанада заңсыз некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысының жалғасы өтіп жатыр.

Сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube-каналында онлайн көрсетілуде.

Осыған дейін болған сот отырыстарының бірінде алқабилердің бет-жүзі көрсетілген сурет БАҚ-та тарап кеткені белгілі болды. Тыйым талаптарының бұзылғанына байланысты судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды бұйырды.

Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды. Онда Салтанат күйеуі Бишімбаевтан кеткен жағдайда не болатыны туралы жазған.

Сондай-ақ Нүкенованың көмекшісінен жауап алынды. Анар Тасова марқұмның астрологиядан табысы қандай болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082263-bisimbaevtyn-advokattary-saltanat-soqqyga-zygylgan-sattin-montazdalgan-videosyn-korsetti/