Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың сотындағы алқабилердің суреті БАҚ-та тарап кеткен: Жоғарғы сот мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Судья выносит приговор
Судья. Иллюстративное фото: Zolnierek / Getty Images

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінің алдыңғы отырысынан кейін БАҚ-та алқабилердің суреті тарап кеткен. Осы жайт жөнінде Жоғарғы сот мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жоғарғы cоттың баспасөз қызметі процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші алқабилер алқасының фото және бейнежазбаға түсуіне, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға тыйым салу туралы бірнеше рет ескерткенін атап өтті.

Айта кетерлігі, алқабилерге қысым көрсетілмеуі үшін осындай тыйым салынған.

"Бұл тыйымды бұзу сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде танылады", - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Жоғарғы сот өкілдерінің мәлімдеуінше, бұқаралық ақпарат құралдарының сотқа ықпал етуi белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. "БАҚ туралы" заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады.

Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін бастады.

Іс бойынша төрағалық етуші жарияланған материалдарды алып тастауды міндеттеді, сонымен қатар оларды таратуға тыйым салды.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында БАҚ өкілдері сот отырысы залынан шығарылды.

"Азаматтарды сот төрелігін іске асыру процесіне әсер ететін кез келген әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз.

Сотқа қысым көрсетудің кез келген әрекетінің жолы кесілетін болады", - делінген сот хабарламасында.

Еске салсақ, Астанада заңсыз некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube-каналында онлайн көрсетілуде.

Осыған дейін болған сот отырыстарының бірінде алқабилердің бет-жүзі көрсетілген сурет БАҚ-та тарап кеткені белгілі болды. Тыйым талаптарының бұзылғанына байланысты судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды бұйырды.

Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды. Онда Салтанат күйеуі Бишімбаевтан кеткен жағдайда не болатыны туралы жазған.

Сондай-ақ Нүкенованың көмекшісінен жауап алынды. Анар Тасова марқұмның астрологиядан табысы қандай болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082332-bisimbaevtyn-sotyndagy-alqabilerdin-sureti-baq-ta-tarap-ketken-zogargy-sot-malimdeme-zasady/

pixel