Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев сот залында эмоцияға ерік беріп, айқайға басты

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев сот залында зардап шеккен тараптың сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Айыптаушы тараптың адвокаты Бишімбаевтан Салтанатқа таққан айыптарын қандай дәлелдермен немесе айғақтармен растай алатынын сұрады.

"Сіз Салтанаттың телефонын оқыңыз: "Мен сені жақсы көремін, сен маған қамқор боласың". Ол ағасына: "Бәріне мен кінәлімін", - дейді. Ол ешқандай қинау болмағанын өзі айтып отыр. Сіз эмоцияға беріліп сұрайсыз, мен эмоцияға беріліп жауап бергім келеді", - деді Бишімбаев.

Осыдан кейін судья айыпталушыға даусын бәсеңдетуді бұйырды.

"Сіз мені эмоциялық тұрғыдан алғыңыз келеді, мен сізге эмоциямен жауап беремін. Айғақты ойдан шығарып беретін куәгерлерді әкелесіздер. Өткен жолы оның әпкесі Айнұр келді...", - деді Бишімбаев.

"Айыпталушы, алқабилер соты куәлардың айғақтарына баға береді", - деп атап өтті судья.

Алайда судьяның сөзі Бишімбаевты тоқтата алмады.

"Сіз мені естисіз бе, жоқ па?", – деп сұрады судья.

"Иә, бірақ... Мен баға бермеймін, тек айғақтардағы сәйкессіздіктерді көрсетемін", - деп жалғастырды Бишімбаев.

Бұдан кейін судья Бишімібаевтың өз айғақтарында бұрын айтқанын бірнеше рет қайталап отырғанын айтты. Сондай-ақ судья сотталушының айғақтары үш күн бойы тыңдалғанын атап өтіп, Бишімбаевтан қойылған сұрақтарға жауап беруін сұрады.

Еске салсақ, Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысының жалғасы өтіп жатыр. Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат соққыға жығылған сәттің монтаждалған видеосын көрсетті.

Сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube-каналында онлайн көрсетілуде.

Осыған дейін болған сот отырыстарының бірінде алқабилердің бет-жүзі көрсетілген сурет БАҚ-та тарап кеткені белгілі болды. Тыйым талаптарының бұзылғанына байланысты судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды бұйырды.

Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды. Онда Салтанат күйеуі Бишімбаевтан кеткен жағдайда не болатыны туралы жазған.

Сондай-ақ Нүкенованың көмекшісінен жауап алынды. Анар Тасова марқұмның астрологиядан табысы қандай болғанын айтты.

Айта кетейік, 27 наурызда Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082569-bisimbaev-sot-zalynda-emociyaga-erik-berip-aiqaiga-basty/

pixel