Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен жедел жәрдемге, Бишімбаев көріпкелге хабарласты": Байжанов өлім болған күн туралы баяндады

Опубликовано:

Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев
Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Гастро-орталық директоры Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенова көз жұмған күні не болғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Байжановтың сөзінше, Бишімбаев телефон соғып, Салтанат Нүкенованың жүрек соғысы жоқ екенін айтқан кезде, ол жұмыс орнында болған.

"Мен шошып кеттім де, екінші қабатқа жүгірдім. Қалай түскенім де есімде жоқ. Бөлмеде бірінші көргенім, Бишімбаевтың Салтанаттың қолын ұстап отырды, жүрегі соғып тұрмағанын айтты. Менен Салтанатты жүрек соғысын тексеруді өтінді. Анықтай алмадым. Біріншіден, қатты қорқып кеттім. Екіншіден, мұндайдан тәжірибем жоқ: бұрын тамыр арқылы жұрек соғысын тексеріп көрмеппін.

"Ана мен бала" орталығында" өзім танитын дәрігерге хабарласу ойыма келді. Сол сәтте үрейленіп, оған бірнеше рет қоңырау шалдым, жүрек соғысын анықтай алмай жатқанымды айттым. Нақты не айтқаным есімде жоқ. "Мойыннан пульсін тексеріп көр" деді. Тексеріп көрдім, бірақ анықтай алмадым. Сол кезде мойнындағы жарақатты байқадым", - дейді Байжанов.

Байжановтың айтуынша, Бишімбаев сол кезде көріпкелге қайта хабарласқан.

"Сол кезде таңғалдым: не істеп жатыр, неге оған хабарласады? Ол қазір не істей алады? Неге жедел жәрдем шақырмайды деп ойладым? Мен өз телефонымнан жедел жәрдемге хабарластым, жағдайды түсіндірдім, содан кейін 10-15 минут диспетчердің нұсқауы бойынша реанимациялық шаралар жасадым. Қолымды Салтанаттың жүрегіне қойып, 10-30 рет бастым. Осы уақыт бойы жедел жәрдем диспетчері байланыста болды", - дейді Байжанов.

Байжановтың айтуынша, кейін ол жедел жәрдем көлігінің келгенін байқап, дәрігерлерді қарсы алу үшін көшеге жүгірген.

"Жедел жәрдем бригадасымен бірге біз ішке кірдік. Олар бірден іске кірісті: олар реанимациялық көмек көрсете бастады. Осы кезде Бишімбаев: "Салта, өліп қалдың ба? Мен сені жақсы көремін"". Ол пышақ ұстап, өзіне қол салмақ болды, қолынан пышақты алдым. Бишімбаев өзін өлтіремін деп айқайға басты. Мен сол кезде, барменді шақырдым. Біз бірге Бишімбаевты полиция қызметкері келгенше ұстап отырдық", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов сотта сөз алып, бәрінен кешірім сұраған болатын.

Кейін Байжанов Салтанат көз жұмған күні не болғанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083055-men-zedel-zardemge-bisimbaev-koripkelge-xabarlasty-baizanov-olim-bolgan-kun-turaly-bayandady/

pixel