Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсарыға қайықпен шығып, жоғалып кеткен ер адамды полицейлер дронмен тапты (видео)

Опубликовано:

Дрон
Көрнекі фото: wired.com

Атырау облысында су тасқыны кезінде қайықпен шығып, жоғалып кеткен 49 жастағы ер адам табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адам Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түскен.

"Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты", - делінген хабарламада.

Полицейлер ер адамның жағдайы тұрақты, туыстарының жанында екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083157-qulsaryga-qaiyqpen-sygyp-zogalyp-ketken-er-adamdy-policeiler-dronmen-tapty-video/

pixel