Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі өмір сүргісі келеді": Петропавлда су тасқынынан құтқарылған атжалманның әсерлі видеосы тарады

Опубликовано:

Атжалман
Атжалман. Видеодан кадр: instagram.com/skopetro

Желіде Петропавлда су тасқыны кезінде құтқарылған атжалманның видеосы пайда болды. Ер адам шарбаққа мінген жануарды құрғақ жерге алып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісінде пайда болды. Пост авторларының мәліметінше, бұл жайт Петропавлдағы "Старт" саяжайында болған.

Кадрлардан видео түсіріп жатқан ер адам су басқан жер үйдің шарбағына жақындаған. Атжалман шарбақ үстінде отыр, қорғанып отыр. Жануардың айналаны басып қалған судан аман қалу үшін биікке шыққаны байқалады.

"Өзіңді құтқарып тұрсың ба? Байғұс-ау, сені бұл жерден алып кетейін бе? Менде пакет бар, соған салып алып кетейін бұл жерден", – дейді видео авторы.

Видео авторы атжалманды құрғақ жерге жеткізетінін айтқан.

Кейін кадрларда атжалманды құрғақ жерге апарғанын көрсетілген. Жерге түскен кішкентай кеміргіш қалың тоғайлардың арасына жүгіріп кетті.

Желі қолданушылары бұл әсерлі видео екенін атап өткен.

"Байғұс жануарлар, бұл шынымен сүйкімді видео, осындай қамқор адамдар көп болса екен", "Қорқып қалған, қайтсін өмір сүргісі келеді ғой", "Сізге рақмет, мейірімді адам", "Бәрі өмір сүргісі келеді", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083967-bari-omir-surgisi-keledi-petropavlda-su-tasqynynan-qutqarylgan-atzalmannyn-aserli-videosy-tarady/

pixel